Экскурсия туралы:
Arba Wine – Іле Алатауының етегіндегі Assa Valley биік таулы терруарында орналасқан өз жүзімдіктері бар Қазақстанның ұлттық шарап бренді. **Reserve** санатындағы 6 шараптың классикалық дегустациясы мен шарап зауытының тарихы туралы фильм қазақстандық шарап жасау мәдениеті мен философиясымен танысуға мүмкіндік береді.
Сізді не күтеді
Arba Wine — 2006 жылы негізі қаланған Қазақстанның ұлттық шарап бренді.
Шарап зауыты Алматы облысындағы Қаракемер ауылы маңында, Іле Алатауының етегіндегі
бірегей Assa Valley биік таулы терруарында өз жүзімдіктерін өсіреді. Теңіз
деңгейінен шамамен 1000 метр биіктікте орналасқан бұл өңірдің таза тау ауасы,
түнгі самалы мен минералдарға бай топырағы халықаралық байқауларда марапатталған
айрықша терруарлық шараптар жасауға мүмкіндік береді.
Алматы мен Астанада Arba Wine фирмалық винотекалары жұмыс істейді. Мұнда
шараптардың дәмін татып, оларды зауыт бағасына жақын қолжетімді бағамен сатып
алуға болады. Шарап мәдениетімен танысудың негізгі форматы – классикалық
дегустация. Қонақтар Reserve санатындағы 6 шараптың (3 ақ және 3 қызыл) дәмін
көреді. Бұл шараптар іріктелген жүзімнен және таңдаулы бөшкелерде дайындалады.
Сонымен қатар Arba Wine тарихы, жүзімдіктері және өндіріс философиясы туралы
15 минуттық фильм көрсетіледі. Осылайша қонақтар шараптың қалай жасалатынын және
Қазақстанның терруары әлемдегі дәстүрлі шарап өңірлерінен несімен ерекшеленетінін
жан-жақты біле алады.
Қосымша ретінде ірімшік немесе ет ассортиін, антипастиді (тұздалған және кептірілген
көкөністер) тапсырыс беруге болады. Сондай-ақ жеке, тақырыптық немесе көшпелі
дегустациялар ұйымдастырылады. Құны қонақтар санына, таңдалған шараптарға және
іс-шара форматына қарай жеке есептеледі.
Экскурсия туралы мәлімет:
Ұзақтығы: 40 минут – 1,5 сағат
Топ: 8–12 адам
Өткізу тілі: орыс тілі
Құны: бір адамға 6 000 ₸ (21+) + 10% қызмет көрсету ақысы = 6 600 ₸
Өткізілуі: күн сайын 11:00–21:00 аралығында, алдын ала бронь бойынша
Жазылуға арналған байланыс мәліметтері:
Телефон: +7 777 107 46 72
E-mail: arbawine.assavalley@gmail.com
Instagram: https://www.instagram.com/arba_wine
Telegram: Arba Wine
TikTok: arbawine
Сайт: arba.wine
Экскурсия туралы